Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі

Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі

Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Жеке сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензия (бұдан әрі – жеке сот орындаушысының лицензиясы) негізінде, заңды тұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы.

ЖСО кім бола алады?

Қазақстанда ЖСО бола алады:

* ҚР азаматтығы бар;

* жоғары заң білімі бар;

* жеке сот орындаушысы лицензиясын алған;

* республикалық ЖСО палатасына кірген тұлғалар.

ЖСО лицензиясын қалай алуға болады?  

Жеке сот орындаушысының лицензиясы - атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындау шараларын қабылдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына рұқсат.

ЖСО лицензиясын алу жолдары:

* тағылымдамадан және аттестаттаудан өтумен;

* тағылымдамадан және аттестаттаудан өтпей.

Лицензияны тағылымдамалар мен аттестациялаудан өтпей-ақ кім ала алады?

* ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған және сотта тағылымдамадан сәтті өткен адамдар;

* судьялар, сондай-ақ судьяның өкілеттігін тоқтатқан адамдар;

* прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс істеген адамдар;

* мемлекеттік органдарда атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында кемінде 2 жыл жұмыс істеген адамдар.

Барлық басқа ниет білдірушілер Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №59 бұйрығымен бекітілген Ережелерге сәйкес тәжірибелі ЖСО-дан тағылымдамадан өтуі керек. Тағылымдамадан өту туралы қорытынды алғаннан кейін аумақтық әділет департаменті өзінің интернет-ресурсында аттестаттауды өткізу мерзімдері туралы жариялағанша күту керек.

Лицензия алу үшін қандай құжаттар тізімі қажет?

* осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша өтініш;

 * ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

* осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес толтырылған электрондық нысан;

 * үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылғанға дейін бір айдан ерте емес анықтамалардың электрондық көшірмелері.