Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау тәртібі

Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау тәртібі

«Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі- АІО ААЖ) арқылы көрсетіледі.

         «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі-Заң) 5-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттарды пайдалануға міндетті.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №69 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 маусымда №20836 болып тіркелген) бекітілген «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі айқындалған:

1) атқарушылық құжатты көшіріп алу, мәжбүрлеп орындауға жіберу, атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш.

2) атқарушылық құжат.

3) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

         Заңының 5-бабының нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

         Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік сот орындаушысы АЫО ААЖ және «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасын интерациялау арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке деректерін ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігі бар, бұл өтінішті қабылдау кезінде жеке басын сәйкестендіру үшін ғана емес, жеке басын куәландыратын құжатты талап етуге жол бермейді.