Коммерциялық емес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу

Коммерциялық емес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу

Коммерциялық емес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу

 Коммерциялық емес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасыны «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның,  «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Заңдардың негізінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №821 бұйрығымен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету ережесі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан

шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

 

"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 4 қарашадағы № 950, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 702, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 1182, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2021 жылғы 16 қарашадағы № 30, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 363, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2021 жылғы 24 қарашадағы № 155, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 574 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы №851 бірлескен бұйрығымен бекітілген апостиль қоюдың бірыңғай қағидаларыа сәйкес жүзеге асырылады.