Нотариаттық не адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау мемлекеттік қызметінің пилоттық жобасының жүзеге асырылуы туралы

Нотариаттық не адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау мемлекеттік қызметінің пилоттық жобасының жүзеге асырылуы туралы

Нотариаттық не адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау мемлекеттік қызметінің пилоттық жобасы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрығы негізінде жүзеге асырылады (бұдан әрі – Пилот).

Оң нәтижені ескере отырып, пилотты іске асыру бүкіл республика бойынша масштабталады.

«Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңның 1-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жоба – мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі процестердің, тәсілдердің өзгеруін сынамалау жөніндегі процесс.

Бұл пилот сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және адам факторының аттестаттау нәтижелеріне әсерін болдырмау мақсатында іске асырылды.

Нотариаттық не адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар үшін аттестаттау «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - тестілеу операторы) базасында автоматтандырылған режимде жүргізіледі.

Қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес аттестаттау мәселелері мен оларға жауаптар құпия ақпарат болып табылады және таратылуға жатпайды.

Құпия ақпаратты жария ету және тарату үшін АӘО басшылығы, қызметкерлері және тестілеу операторы жауапты болады.

        Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірледі және "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін анықтайды.

     "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірледі және "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін анықтайды.