«Әділет кеңес береді» акциясы аясында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Шығыс Жезқазған кенішінің «Анненская» шахтасы ғимаратында «Адал еңбек» ЖШС жұмыскерлерімен кездесу өтті.
Аталған шараға Ұлытау облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласын бақылау бөлімінің басшысы А.К. Нұрғалиева сала маманы ретінде қатысты.
Жұмыскерлермен кездесуде А.К. Нұрғалиева халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында келесі бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді:
Азаматтық хал актілерін тіркеу;
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу;
Электрондық апостиль қою тәртібі.
Шара барысында қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, білікті заңнамалық кеңестер алды.