2026 жылғы 24 тамызда Ұлытау облысының Әділет департаменті «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында кезекті «Әділет кеңес береді» атты акция өткізді.

Іс-шараға адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары қатысып, Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС – Шығыс Жезқазған кенішінің «Анненская» шахтасының ғимаратында «Адал Еңбек» ЖШС-нің қызметкерлеріне құқықтық кеңестер берілді.

Кездесу барысында азаматтарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін (МКЗК) алу құқығы бар тұлғалар туралы түсіндірілді және
AdiletGov мобильдік қосымшасындағы «Тараптар кабинеті» сервисінің мүмкіндіктері таныстырылды.
Интернет және телефон алаяқтығының алдын алу, алаяқтықтың негізгі белгілері және одан қорғану жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар, Ұлытау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары азаматтарды жеке қабылдап, олардың сауалдары бойынша түсіндірмелер беріп, қажетті құқықтық көмек көрсетті.

⚖️ Құқықтық сауаттылық – азаматтардың өз құқықтарын қорғауының маңызды кепілі!