Әділет саласындағы өзекті жаңашылдықтар талқыланды

Әділет саласындағы өзекті жаңашылдықтар талқыланды

Әділет саласындағы өзекті жаңашылдықтар талқыланды

Ұлытау облысы Әділет департаментінің басшысы А.А. Айнабековтің қатысуымен брифинг өтіп, онда Әділет саласындағы өзекті жаңашылдықтар таныстырылды. Брифинг барысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, азаматтарға көрсетілетін құқықтық сервистердің қолжетімділігін арттыру және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын көтеру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, азаматтарға электронды форматта құқықтық қызмет алуға мүмкіндік беретін заманауи сервистердің тиімділігі туралы айтылды.

Кездесу барысында зияткерлік меншікті қорғау, авторлық құқықтарды сақтау, кәсіпкерлер мен шығармашылық өкілдерінің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар да сөз болды. Әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, құқықтық көмекті барынша қолжетімді ету және заманауи цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану екені атап өтілді.

Брифинг соңында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріліп, Әділет саласындағы жаңашылдықтар мен алдағы міндеттер бойынша түсіндірмелер берілді.