02.07.2026 ж. Ұлытау облысы Әділет департаментінде басшының орынбасары М.М.Кайруллаевтың төралығымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында қызметкерлерге әкімшілік рәсімдерді сақтау, өтініштерде көрсетілген барлық мән-жайларды жан-жақты әрі объективті қарау, толық әрі уәжді жауаптар дайындау, сондай-ақ азаматтардың қайта өтініштеріне жол бермеу жөніндегі заңнама талаптары қосымша түсіндірілді.
Сонымен қатар, тыңдау рәсімін өткізудің заңнамада белгіленген тәртібін сақтау, өтініштерді қарау сапасын арттыру және атқарушылық тәртіпті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.