2026 жылғы 25 мамырда «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында Ұлытау облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының және Ұлытау облысының Ассамблея жастары өкілдерінің қатысуымен «Авторлық құқық. Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында спикер авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін құқықтық қорғауға, авторлардың құқықтарына, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдардың қызметіне қатысты мәселелеріне сипаттама берді.