
2026 жылғы 15 мамырда «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында, сондай-ақ 10 мамыр – Аналар күні, 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні және 17 мамыр – Әкелер мерекесіне орай Ұлытау облысы Әділет департаменті адвокаттар, нотариустар және мемлкеттік сот орындаушылар және медиатормен бірлесіп, Жезқазған қаласындағы Ана мен бала орталығында өмірдің қиын жағдайына тап болған аналар мен балаларға арналған «Ашық есік күні» акциясын өткізді.
Іс-шара барысында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша тегін консультациялар беріліп, әлеуметтік сипаттағы сұрақтарға жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жәрдемақы тағайындау, алимент өндіру және өзге де әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар ұсынылды.
Акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға құқықтық көмек көрсету және қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайту болып табылады.