
13.05.2026 ж. 10.00 сағ. Ұлытау облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі М.М. Кайруллаевтың басшылығымен, ішкі "speaking club" форматтағы кездесу аясында, мемлекеттік қызметшілердің тілдік құзыреттілігін дамыту және кәсіби коммуникациялық дағдыларын жетілдіру мақсатында, бөлім басшыларының қатысуымен оқыту іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар кәсіби қызмет барысында жиі қолданылатын тақырыптар бойынша пікір алмасып, практикалық тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға, сөздік қорын кеңейтуге және ресми қарым-қатынас мәдениетін жетілдіруге бағытталған интерактивті жұмыс форматтары ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара мемлекеттік қызметшілердің тілдік ортада еркін қарым-қатынас жасау қабілетін дамытуға және қызметтік міндеттерді сапалы орындауға ықпал етеді.