
06.05.2026 ж. сағ. 11:00-де Азаматтарды қабылдау орталығында Ұлытау облысының Әділет департаментінің басшысы А.А. Айнабеков, азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтар мемлекеттік қызметтер көрсету және әділет органдарының құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша өзекті сұрақтарымен жүгінді. Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес жан-жақты түсіндірмелер беріліп, оларды одан әрі қарау бойынша нақты шаралар айқындалды.