
2026 жылғы 22 сәуірде «Антиконтрафакт» республикалық акциясының аясында Ұлытау облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларының, Жаңаарқа, Ұлытау аудандарының дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің және жергілікті спорт саласындағы ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен «Зияткерлік меншік және спорт: стартқа, назар, инновациялар!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында спикер спорт саласындағы зияткерлік меншік объектілерінің түрлеріне, сондай-ақ олардын құқықтық қорғауына қатысты мәселелеріне сипаттама берді.