
22.04.2026 ж. 10:00-де Азаматтарды қабылдау орталығында Ұлытау облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі М.М. Кайруллаев, азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар атқарушылық іс жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету және әділет органдарының құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша өзекті сұрақтарымен жүгінді. Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес жан-жақты түсіндірмелер беріліп, оларды одан әрі қарау бойынша нақты шаралар айқындалды.