
21.04.2026 ж. сағат 15:00-де «Аманат» партиясы Ұлытау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді. Іс-шараға Ұлытау облысының Әділет департаментінің басшысы А. Айнабеков пен медиатор Ж. Есмурзина қатысты.
Жеке қабылдау барысында азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында жан-жақты түсіндірме беріліп, білікті мамандар тарапынан құқықтық кеңестер ұсынылды. Кейбір мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі түсіндіріліп, құқықтарын қорғау жолдары көрсетілді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – халыққа қолжетімді құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және туындаған мәселелерді заң шеңберінде тиімді шешуге жәрдемдесу болып табылады.