
2026 жылдың 20 сәуірінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Қанат Шарлапаевтің Ұлытау облысына іс-сапары аясында Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасы «Бір ауыл – бір өнім» өңірлік көрме-байқауын ұйымдастырды.
Аталған іс-шара барысында Ұлытау облысы Әділет депаратментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне географиялық нұсқаманы тіркеу бойынша құқықтық кеңес берді.