
2026 жылғы 15 сәуірде «Антиконтрафакт» республикалық акциясының аясында Ұлытау облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі Департамент басшысының төрағалығымен жазушылардың, суретшілердің, дизайнерлердің қатысуымен «Авторлық құқық. Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында спикер авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін құқықтық қорғауға, авторлардың құқықтарына, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдардың қызметіне қатысты мәселелеріне сипаттама берді.