
2026 жылғы 13 сәуірде «Заң және тәртіп» қағидаттарын іске асыру аясында Ұлытау облысы Әділет департаменті, Ұлытау облысы әкімдігімен бірлесіп, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша халықтың құқықтық сауатын көтеруге бағытталған іс-шара өткізді.
Шара барысында қала тұрғындарына атқарушылық іс жүргізу ақпараттық жүйесіндегі тараптар кабинеті, проблемалық алименттер туралы ақпарат беріліп, сұрақтарына толыққанды жауап берілді. Шара соңында басшысының орынбасары М.Қайруллаев жеке қабылдау өткізді.