
04.04.2026 ж. 09-00 сағ. бастап Ұлытау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысты.
Іс-шара барысында Департамент қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтарды, қураған жапырақтарды, сондай-ақ жол жиектеріндегі (бордюр бойындағы) жиналған топырақ пен лас қалдықтарды тазалады. Тазалық жұмыстары Әділет департаментінің ғимаратынан бастап Бейбітшілік даңғылына дейінгі аралықта жүргізілді.
Әділет департаменті алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғауға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған экологиялық бастамаларды қолдауды жалғастырады.