
Ұлытау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл М. Қайруллаевтың төрағалығымен дөңгелек үстел өткізілді.
Күн тәртібінде, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын қолдану тәртібі талқыланып, заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде іс жүргізуді қозғау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабарлама жасалып, проблемалық мәселелер талқыланды.