
2026 жылғы 17 наурызда Ұлытау облысы Әділет депаратментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі ZOOM платформасы арқылы Ұлытау облысының телеарналары үшін ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК (Qazpatent) ұйымдастырылған Бірыңғай цифрлық платформаны қолдану бойынша вебинарына қатысты.
Аталған вебинар барысында платформаны қолданудың техникалық мәселелеріне және авторлық құқық және сабақтас құқықтарының объектілерін қолдану бойынша есептерді толтыру мәселелеріне сипаттама берілді.