«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру мақсатында және 15 наурыз – қайырымдылық күні қарсаңында адвокат, нотариус, жеке сот орындаушылар және «GIBRATTAN-KZ» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен бірлесіп Жезқазған қаласының әлеуметтік психологиялық қолдау орталығы ғимаратында өмірдің қиын жағдайына кез болған аналар мен балаларға құқықтық мәселелер бойынша «Ашық есік күні» акциясы өткізілді

2026 жылдың 12 наурызда «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру мақсатында және 15 наурыз – қайырымдылық күні қарсаңында Ұлытау облысы Әділет департаменті адвокат, нотариус, жеке сот орындаушылар және «GIBRATTAN-KZ» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен бірлесіп Жезқазған қаласының әлеуметтік психологиялық қолдау орталығы ғимаратында өмірдің қиын жағдайына кез болған аналар мен балаларға құқықтық мәселелер бойынша «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Акция барысында әлеуметтік мәселелер бойынша келіп түскен жәрдемақы алу, зейнетақы тағайындау, алимент өндіру т.б. сұрақтарға жауаптар берілді.
Сонымен қатар орталықта тұрып жатқан аналар мен балаларға азық-түлік түрімен қайырымдылық көмек көрсетілді.