
2026 жылғы 20 ақпанда Ұлытау облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Г.А. Рахимжанова «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында «Жезқазған қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының басшысы - аға сот орындаушысы Р.К. Оралбаевпен, сондай-ақ Ұлытау облысының адвокаттар алқасының адвокаты М.А. Сүлейменовамен бірлесіп «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ ғимаратында кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Заң консультациясына мұқтаж азаматтарға ресми сайттардағы онлайн форматта – adilet.kz және eup.adilet.gov.kz платформалары, сондай-ақ виртуалды консультант (чат-бот) арқылы қолжетімді көмек алу мүмкіндігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді және QR-кодтар орналастырылды.
сілтеме: https://www.instagram.com/p/DU-eR_Qgq8W/?next=%2Fadiletgov_ulytau%2F