Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні Ұлытау облысы Әділет департаментінде департамент қызметкерлерінің, сондай-ақ кәсіби заң қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді

Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні Ұлытау облысы Әділет департаментінде департамент қызметкерлерінің, сондай-ақ кәсіби заң қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді

Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні сағат 15:00-де Ұлытау облысы Әділет департаментінде департамент қызметкерлерінің, сондай-ақ кәсіби заң қоғамдастығы өкілдерінің — адвокаттар алқасының, нотариустар палатасының, жеке сот орындаушыларының және Сот сараптамалары орталығы өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Аталған ұйымдар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жаңа Конституция жобасының негізгі жаңашылдықтарына арналған баяндамасын таныстыру мақсатында шақырылды.
Кездесу барысында ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттары, олардың құқықтық маңызы және мемлекеттік жүйе мен қоғамның дамуына ықпалы түсіндірілді. Кәсіби қоғамдастық өкілдері талқылауға белсенді қатысып, өзекті конституциялық реформалар бойынша пікір алмасып, сұрақтарын қойды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын білдіріп, ұсынылған өзгерістерді ашық талқылаудың маңыздылығын атап өтті.
Осындай кездесулер құқықтық сауаттылықты арттыруға, ашық диалогты қамтамасыз етуге және маңызды мемлекеттік бастамаларды талқылауға кәсіби қоғамдастықты тартуға бағытталған.

сілтеме: https://www.instagram.com/p/DUaqKI7AusN/