2026 жылдың 4 ақпанында Ұлытау облысы Әділет департаментінің басшысы Кеңгір ауылы әкімдігінің ғимаратында халықпен кездесу өткізді

2026 жылдың 4 ақпанында Ұлытау облысы Әділет департаментінің басшысы Кеңгір ауылы әкімдігінің ғимаратында халықпен кездесу өткізді

2026 жылдың 4 ақпанында Ұлытау облысы Әділет департаментінің басшысы Кеңгір ауылы әкімдігінің ғимаратында халықпен кездесу өткізді. Іс-шара “Заң және тәртіп”қағидатын ілгерілету шеңберінде прокурорлармен, жеке нотариустармен, адвокаттармен және сот орындаушыларымен бірлесіп ұйымдастырылды.
​Кездесу барысында қатысушылар жаңа Конституцияның жобасын талқылады, “Әділет” және “Заң” құқықтық дерекқорларына, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер порталдарына қолжетімділікті тексерді.
​Сот актілеріне шағымдану тәртібін түсіндіруге және сот жүйесіне деген сенімді арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.

сілтеме: https://www.instagram.com/p/DUVU2HBAja7/