📌 ҚР Әділет министрі Е. Ж. Сәрсембаевтың тапсырмасын орындау мақсатында "Жезқазған Бизнес және көлік колледж"ЖММ-нің ғимаратында ресми түрде заң клиникасы ашылды. Бұл клиника азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетудің маңызды алаңы бола отырып, заң факультетінің студенттері үшін тәжірибелік оқу зертханасына айналады.
Клиника аясында кез келген азамат ақысыз білікті құқықтық кеңес ала алады, ал заң факультетінің студенттері Әділет департаменті мамандарының, адвокаттар, нотариустар, сот сарапшылар және жеке сот орындаушылардың жетекшілігімен нақты құқықтық мәселелерді шешуге қатысады. Мұндай формат халыққа кепілдендірілген құқықтық қолдауға қосымша мүмкіндік беріп қана қоймай, болашақ заңгерлердің кәсіби машықтары мен жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай алаңдар тегін құқықтық көмекті дамытуға, қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға және азаматтардың мүддесін қорғауда әділеттілікті басты құндылық ретінде ұстанатын жаңа буын кәсіби мамандарды даярлауға елеулі үлес қосады. Меморандумға қол қойылуы мен клиниканың ресми ашылуы білім беру мен қоғам үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: бір жағынан жас мамандарды даярлау сапасын арттыру, екінші жағынан қолжетімді құқықтық көмекті дамыту және өңірде құқықтық мәдениетті нығайту.
Толық видео: https://www.youtube.com/watch?v=O_wQMOIWC8k