ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЛЕНГІР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Төлеби ауданының Ленгір қаласының тұрғындарымен Әділет органдарына қатысты мәселелер бойынша “Ашық есік” күні өтті.

Аталған шараға Департамент басшысының орынбасары Бақытжан Бейсен, адвокаттармен, сот орындаушылармен, нотариустармен, заң консультанттарымен сондай ақ “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Волонтерлік жобасының” еріктілері бірлесіп, азаматтардың әділет органдарына қатысты сауалдарына жауап беріп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада 50-ден астам тұрғынға мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде алимент өндіріп алу, банктік шотты бұғаттан босату, АХАЖ құжаттарын қалпына келтіруге қатысты қызметтерді алу сондай ақ зияткерлік меншік және тіркеу қызметтері бойынша заң көмегі түсіндірілді. Бұдан бөлек әлеуметтік салаларға қатысты жерге кезекке тұру, тұрғын үйге қатысты, жұмыспен қамтылу мәселелерімен тұрғындар сала мамандарына жүгінді.
Заң аясында толық әрі нақты жауаптар беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.