Департамент басшысы Бөржар ауылдық округінің тұрғындарымен Әділет органдарына қатысты мәселелер бойынша кездесу өткізді

Департамент басшысы Бөржар ауылдық округінің тұрғындарымен Әділет органдарына қатысты мәселелер бойынша кездесу өткізді

Бүгін Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округінің тұрғындарымен Әділет органдарына қатысты мәселелер бойынша кездесу өтті.

Аталған шараға Департамент басшысы Мұхит Бекетұлы Тұрғараев адвокаттармен, сот орындаушылармен, нотариустармен, заң консультанттарымен сондай ақ “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Волонтерлік жобасының” еріктілері бірлесіп, азаматтардың әділет органдарына қатысты сауалдарына жауап беріп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада 50-ден астам тұрғынға мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде алимент өндіріп алу, банктік шотты бұғаттан босату, АХАЖ құжаттарын қалпына келтіруге қатысты қызметтерді алу сондай ақ зияткерлік меншік және тіркеу қызметтері бойынша заң көмегі түсіндірілді. Бұдан бөлек әлеуметтік салаларға қатысты жерге кезекке тұру, тұрғын үйге қатысты, жұмыспен қамтылу мәселелері бойынша тұрғындар сала мамандарына жүгінді.
Азаматтарды толғандырған сауалдарға, Заң аясында толық әрі нақты жауаптар беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.