МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ЗАҢ КӨМЕГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Мемлекет кепілдік берген заң көмегін түсіндіру және халықтың құқықтық деңгейін арттыру мақсатында Созақ ауданы, Созақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті.

Кездесу барысында азаматтар тиісті құқықтық көмектер алып, өз пікірлерімен бөлісті. Көрсетілген құқықтық көмекке өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақыттада осындай іс-шаралардың тұрақты ұйымдастырылуы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға өз үлесін қосатынын жеткізді.