Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өткізді

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы  мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өткізді

Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін түсіндіру және халықтың құқықтық деңгейін арттыру мақсатында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өткізді

Аталған шарада Департамент басшысының орынбасары Балжан Алипбек әділет органдарының қызметкерлері, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылар,заң консультанттары қариялардың мәселелерін тыңдап, олардың Заң аясында шешілу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар әлеуметтік сала бойынша жерге, тұрғын үйге кезекке тұру бойынша сұрақтарға жауап берілді.
Кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегі және азаматтарға кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету – әділет органдарының маңызды бағыттарының бірі екендігі түсіндіріліп өтті. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы азаматтық, әкімшілік және қылмыстық процестер шеңберінде білікті заң көмегін алуға ажырамас құқыққа ие. Осы орайда мемлекет Қазақстан азаматтарына әділдік пен заң алдындағы теңдік қағидаттары негізінде бұл қолдауға кепілдік беретіндігін атап өтті.