Түркістан облысының Әділет департаменті нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімнің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023 жылғы 30 қазандағы № 18 аппараттық кеңесі хаттамасының 1.2. тармағын орындау аясында онлайн форматта жергілікті өкілді және атқарушы органдары қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараның мақсаты-жергілікті атқарушы және өкілді органдармен қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмеу фактілерін болдырмау және қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің сапасын арттыру.
Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдармен нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу барысында жіберілетін, сондай-ақ заң сараптамасын жүргізуде орын алатын кемшіліктер талқыланып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға бөлім мамандарымен жауаптар берілді.
Сонымен бірге Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау талаптары бойынша түсіндірілді.