АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ АЗАМАТТАР ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛДЫ

АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ АЗАМАТТАР ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛДЫ

Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен “Азаматтарға арналған Үкімет” КЕАҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалында әділет органдарының “Ашық есік күні” өтті.

Аталған шарада 30-ға жуық азаматқа құқықтық көмек көрсетілді. Түркістан облысының Әділет департаментінің қызметкерлері, адвокаттар,
заң консультанттары, нотариустар,
жеке сот орындаушылар тұрғындардың мәселелерін тыңдап, жерді заңдастыру, жылжымайтын мүлікті, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерді тіркеу, сот актілерінің орындалуы және нотариаттық қызмет, оның ішінде апостиль бойынша кеңестер берілді. Сонымен қатар аталған шарада алимент өндіруге қатысты мәселелер қарастырылды.

Қабылдауға келген тұрғындардың түйіткілді мәселесі сала мамандарының назарында болады.
Олардың шешу жолдары түсіндіріліп, зерделеуді қажет ететін өтініштер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.