Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Тұрғынов мемлекет кепілдік берген Заң көмегі аясында
Арыс ауданының Ақдала ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, мәселесін тыңдап, олардың Заң аясында шешілу жодарын қарастырды.
Аталған шарада, азаматтарға займдарды өтеу, алимент өндіру, тіркеу қызметі, әлеуметтік мәселелер жөнінде сұрақтарға Заң аясында жауаптар берілді.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында адвокаттар, заң консультанттар, нотариустар, жеке сот орындаушылардың өкілдерінің қатысуымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай ақ ақпараттық жадынамалар таратылды.