ТҮРКІСТАНДА "ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА "ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Түркістан облысында өткен «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясында 200-ден астам тұрғындарға тегін заңгерлік кеңестер берілді.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мен тегін заң көмегін көрсету мақсатында ұйымдастырылған науқанда өңір тұрғындары еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерінен қажетті кеңес алды.
Олардың қатарында Түркістан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің басшысы Нұрлан Ербекешов сонымен қатар белгілі адвокаттар, нотариустар, тергеушілер, сот орындаушылар, мемлекеттік орган басшылары мен өкілдері бар.
Тұрғындардың талап-тілегі мен өзекті сауалдарын қанағаттандыруды көздеген айтулы шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы мен «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары мен Қазақстанның үздік заңгерлері, сондай-ақ адвокаттары екенін атап өткен жөн.
Айта кетейік, 2016-2022 жылдар аралығында 7 мыңнан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдарынан тегін көмек алған халықтың сұранысы негізінде аталған науқан жыл сайын игі дәстүрге айналып, күні бүгінге дейін 150 мыңнан астам ел азаматтары тегін құқықтық кеңестер алды.
Осы жылдар ішінде «Халық заңгері» акциясының қажет екені байқалды, оны қарапайым қазақстандықтар қолдап, оны өткізу дәстүрге айналды және халық оны күтуде.
Дәстүрге айналған аталмыш акция өткізілу ауқымы мен географиясы, сондай-ақ форматының бірегейлігі бойынша әлемдегі оң көрсеткішке қол жеткізген науқан болып табылады.