МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ- БІЗДІҢ МӘРТЕБЕМІЗ!

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ- БІЗДІҢ МӘРТЕБЕМІЗ!

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында Түркістан облысының Әділет департаментінде жиын өтті. Қазіргі таңда бұл бойынша Департаментте қыруар жұмыстар атқарылуда. Құжаттар мен іс-қағаздарды жүргізуде, пәрмендерді беруде мемлекеттік тілге басымдық беріліп келеді.
Мемлекеттік тілді өркендету жолында жасалып жатқан бұндай жұмыстар осымен тоқтамақ емес. Елімізде атқарылған жұмыстардың көрсеткіші, яғни мемлекеттік тілге қосқан үлес салмағы жылдан жылға біршама артуда.

Мемлекеттік тіл - сол елдің халқын біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын құрал.