ҒЫЛЫМИ, ӘДЕБИ ТУЫНДЫЛАРҒА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ АЛУ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҒЫЛЫМИ, ӘДЕБИ ТУЫНДЫЛАРҒА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ АЛУ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Түркістан облысының Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі "Farab" кітапханасының қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында бөлімнің бас маманы Дамира Есентуреева баяндама жасап, Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына түсіндірме беріп өтті. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан авторлық құқыққа қатысты сұрақтар қойылып, ғылыми, әдеби туындыларға авторлық құқықты қалай алу туралы түсіндірме берілді.