
Бүгін "Jastarga bagyt" жобасы аясында жастарды мемлекеттік қызметке тарту, жастардың жұмысқа орналасуына арналған бағдарламалар бойынша және оларға заңгерлік құқықтық көмек көрсету мақсатында «Жастар» ресурстық орталығында кездесу өтті.
Аталған шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, Түркістан облысының Әділет департаментінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, Түркістан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, ҚР Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалы өкілдері қатысты.
Кездесу барысында жастарға білім мен тәрбиенің барлық деңгейінде жемқорлыққа қарсы дағды моделін қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, заңдық тұрғыда құқықтық сауаттандыруды арттыру, өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге жас буынның рухани болмысын бекітудегі маңызды құндылықтар айтылды.
Сонымен қатар әлеуметтің әлеуетін көтеру, жастарды жұмыспен қамту бағытында да бірқатар бағыт бағдар түсіндірілді.