В НАПРАВЛЕНИИ ПОВЫШЕНИЯ ЭФФЕКТИВНОСТИ ИСПОЛНЕНИЯ СУДЕБНЫХ АКТОВ ПРЕДУСМОТРЕНО ДОСТИЖЕНИЕ ЦЕЛЕВОГО ПОКАЗАТЕЛЯ

В НАПРАВЛЕНИИ ПОВЫШЕНИЯ ЭФФЕКТИВНОСТИ ИСПОЛНЕНИЯ СУДЕБНЫХ АКТОВ ПРЕДУСМОТРЕНО ДОСТИЖЕНИЕ ЦЕЛЕВОГО ПОКАЗАТЕЛЯ

«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес алименттерді, сондай-ақ мемлекет кірісінесомаларды өндіріп алу бойынша жеке сот орындаушыларының сот актілерін орындау тиімділігін арттыру » мақсатында семинар өтті.

Аталған жиынға, Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев төрағалық етті. Түркістан облысының прокуратурасының өкілі, Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының өкілі, көші-қон басқармасының, Мемлекеттік кірістер департаментінің және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері, Түркістан облысының жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасының басшы және жеке сот орындаушылары, атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері, барлық ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

- «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспары бекітілген.Аталған жоспарға сәйкес, 2022 жылға жалпы аяқталған атқару істерінің пайыз көрсеткіші 44,5 %-ға, ал нақты орындалған істердің пайызы 69% жету қатаң тапсырылған. Сондықтан осы екі жоспарланған индикаторларға жету маңыздылығына аса көңіл бөле отырып, тиісті жұмыстар атқаруымыз қажет», - деді Департамент басшысы Мұхит Бекетұлы.

Түркістан облысының ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдеріне және Түркістан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына 2022 жылдың 4-ші тоқсанына жоғары көрсеткішке қол жеткізу мақсатында орындалу қажет атқару құжаттарының пайыздық көрсеткіштері бойынша 46 % -ға жету қажеттігі жөнінде нұсқау және ұсыным берілген. Аталған жоспарға сәйкес, сот актілерін орындау тиімділігін арттыру бағытында межелі көрсеткішке жету көзделіп, тиісті жұмыстар жалғасуда.

Айта кету керек, мемлекет пайдасына сома өндіру бойынша жалпы орындауда 330786 құжат болған, оның ішінде 137420 құжат тиісті деңгейде орындалып аяқталған. Атқару өндірістері бойынша жеке сот орындаушыларына атқарушылық амалдарын жаңғыртуды және нақты шаралар қабылдау қажеттігі тапсырылды. Сондай-ақ атқару құжатының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі заңда көзделген шараларды сот орындаушылармен толық және уақтылы қолдануын тұрақты бақылау бойынша жоспарлы тексеру жүргізілуде.