Атқару құжаттарының орындалуын жүзеге асыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Атқару құжаттарының орындалуын жүзеге асыру мәселелері  бойынша дөңгелек үстел  өтті

Түркістан облысының Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі басшысының м.а. Ж.Тоқсабаевтың төрағалығымен
Ордабасы, Кентау, Сарыағаш,Жетісай, Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық филиалдарында аудандық жеке сот орындаушылардың қатысуымен атқару құжаттарының орындалуын жүзеге асыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Жиында әр ауданаралық сот актілерін орындау филиалдарының алиметтерді, сондай-ақ мемлекет кірісіне сомаларды өндіріп алу бойынша жеке сот орындаушыларының сот актілерін орындау тиімділігін арттыру жайы талқыланды.

Айта кету керек, жалпы Түркістан облысының атқарушы округінің жеке сот орындаушыларының орындауында алимент өндіру бойынша ағымдағы жылы жалпы саны 23 468 атқару құжаты болған. Оның ішінде толығымен 3 398 атқару құжаты аяқталған. Қалған атқару құжаттары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Шара соңында Департаменттің барлық аумақтық сот орындаушылар бөлімдерінде және жеке сот орындаушыларында орындауда қалған алимент өндіру және жеке және заңды тұлғалардың пайдасына өндіру, мемлекет кірісіне айыппұл өндіру санатындағы атқарушылық құжаттарын тізімдеп, қалдықтағы өндірістер бойынша шешімдердің қабылдануы қамтамасыз етіліп, барлық қалдықта тұрған жеке және заңды тұлғалардың пайдасына өндіру, мемлекет кірісіне айыппұл өндіру санатындағы атқару құжаттары бойынша нақты шаралард ы қабылдауды тапсырды