НОРМАШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

НОРМАШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Марат Ахтановтың төрағалық етуімен жергілікті мемлекеттік органдардың аппарат басшылары мен заңгер мамандарының қатысуымен семинар өтті.

Ағымдағы жылдың 8 айындағы облыстағы жергілікті мемлекеттік органдардың заңсыз нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар мен мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілеріне жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижесі талқыланды.

Әділет органдарының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнаманы бұзуға ден қою шараларының бірі «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабында көзделген негіздер бойынша заңның бұзуылуын жою туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.

Ұсыныстар НҚА-ға қатысты: мемлекеттік тіркеуге жататын, бірақ одан өтпеген; олар қолданатын, бірақ белгіленген тәртіппен жарияланбаған; ҚР заңнамасына қайшы келетін және заңнамалық актілерде белгіленген өзге де жағдайларда енгізіледі.

Семинар барысында жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қойылған сұрақтарға департаменттің НҚА желісі бойынша мамандары жауаптар берді.

Жергілікті мемлекеттік органдарға департамент тарапынан жолданған нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру туралы ақпараттық хаттар бойынша шараларды уақытылы қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылды.