МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында «Түркістан облысының Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Аңсар Пирметовтың төрағалық етуімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің қатысуында семинар өтті.

Іс шара барысында «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгертулер және Мемлекеттік қызмет көрсету барысында тіркеу мерзімін үзу, тоқтату, бас тартулардың санын азайту және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, артық құжаттарды талап етпеу мәселелері талқыланды.