Оқу орындарында авторлармен және орындаушылармен шығармашылық кездесу өткізілді

Оқу орындарында авторлармен және орындаушылармен шығармашылық кездесу өткізілді

20 қыркүйек күні зияткерлік меншік бөлімінің қызметкерлерімен оқу орындарында авторлармен және орындаушылармен шығармашылық кездесу өткізілді. Кездесу барысында, қатысушыларға авторлық құқықтың туындауы, мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару және тең авторлар туралы кеңінен түсіндірме берілді.
ҚР "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңының 10 бабына сәйкес, екі немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлінбес біртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлімдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесілі болады. Туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Тең авторлардың өзара қатынастары олардың арасында жасалған келісім арқылы белгіленуі мүмкін. Егер тең авторлардың туындысы бөлінбейтін біртұтас дүние болса, тең авторлардың бір де бірінің туындыны пайдалануға жеткілікті негіздері болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ.