Жер үлестерін пайдалану мен пайшылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті

Жер үлестерін пайдалану мен пайшылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті

Түркістан облысының Әділет департаментімен Түркістан облысының Мемлекеттік кірістер департаменті, Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаменті, Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлерінің қатысуында жер үлестерін пайдалану мен пайшылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жер заңнамасы саласында заңдылықтың бұзылуын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынысы мен облыс прокуратурасы тарапынан шартты жер үлестерін пайдалану мен пайшылардың құқықтарын қорғау мәселелері мен жер және азаматтық заңнамалардың сақталуына жүргізілген талдауда көрсетілген мәселелерді талқылау  жүргізілді.
Түркістан облысының Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы А.Пирметов Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының ұсынысы бойынша баяндама жасады.
Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсынысқа сәйкес, өндірістік кооперативтерге қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.