“ӨНЕРТАБЫСҚА ПАТЕНТ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ” ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

“ӨНЕРТАБЫСҚА ПАТЕНТ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ” ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 22 шілде күні зияткерлік меншік құқығы бөлімі және ҚР "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК өкілінің қатысуымен " Өнертабысқа патент және оны құқықтық қорғау" тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға ҚР Патент Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес, өнеркәсіптік объектілер туралы түсіндірме берілді.
Заңның 5 бабына сәйкес, өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге құқықтар патентпен қорғалады. Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге патент өтінімге ресми сараптама және мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі.
Өнертабысқа патент өтінім берілген күннен бастап жиырма жыл бойы қолданылады және патент иеленушінің өтінішхаты бойынша бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін.
Пайдалы модельге патент өтінім берілген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады және патент иеленушінің өтінішхаты бойынша үш жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін.