ОБСУЖДЕН ХОД ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ

ОБСУЖДЕН ХОД ОКАЗАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ

Түркістан облысының Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы А.Пирметовтің төрағалық етуімен 2021-2022 жылдарға арналған заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы проблемалық мәселелерді шешу бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалымен жасалған бірлескен іс-шаралар жоспары бойынша Филиалдың тіркеу басқармасының жауапты мамандарының және аудандық, қалалық бөлімдерінің тіркеу және жер кадастры бөлімдерінің қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты-тіркеу саласындағы кездесетін проблемалық мәселелерді шешу бойынша бірлескен шаралар қабылдау бөлігінде өзара іс-қимылды күшейту.
Семинарда Филиалдың және департамент қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 1 жартыжылдық қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсету барысында тіркеу мерзімін үзу, тоқтату, бас тартулардың санын азайту мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге өткен жылға сәйкес мерзімімен салыстыра жасалған талдау қорытындысы талқыланып, қойылған сұрақтарға түсіндірмелер берілді.