МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Бүгін Түркістан облысының Әділет департаментінде «23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күні» мерексіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Салтанатты жиналыста Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Іс-шараны департамент басшысы Мұхит Тұрғараев ашып, барлық қызметкерлерді мерекемен құттықтады. Міндеттерін үлгілі атқарған қызметкерлерге Департамент басшысының Грамоталары табыс етілді. Қызметкерлер «Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет» тақырыбындағы баяндама оқыды.

Мемлекеттік қызметкер - елдің мүддесі үшін аянбай еңбек ететін тұлға. Мемлекет басшысының саясатын жергілікті жерде жүргізуші, яғни, мемлекеттің бет-бейнесі. Мемлекеттік қызмет ету – зор сенім, үлкен құрмет.