06 сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтар көтерген жүйелі мәселелерді, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен және Үкіметінен түскен тапсырмаларды шешу бойынша кешенді іс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес, департамент қызметкерлері және Түркістан қаласының жекеше нотариусы Ш.Нурматовпен азаматтарға құқықтық түсіндіру іс-шарасын жүргізу асында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында азаматтарға заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiк берген кезде тиiстi айғақтарды талап ету арқылы мұра қалдырушының қайтыс болу фактiсiн, мұраның ашылған уақыты мен жерiн, мұраға құқық туралы куәлiктiң берiлуi жөнiнде өтiнiш берушi адамдарды заң бойынша мұраны иелену үшiн негiз болып табылатын қатынастардың болуын, мұралық мүлiктiң құрамы мен тұрған орны тексерілетіні жайлы түсіндірілді.