Түркістан облысының Әділет департаментінің сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын болдырмау және алдын алу бағытында 2021 жылдың 9-айында атқарылған жұмыстары бойынша ақпараты

Түркістан облысының Әділет департаментімен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Әділет департаменті, «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы арасында ынтымақтастық туралы бекітілген Меморандум аясында тараптармен бірлесе және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында департаментпен  жыл сайын бекітілген жоспарға сай департаментпен аудан қызметкерлерімен бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып және сыбайлас жемқорлық көріністері бар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу және оларға жол бермеу жөнінде яғни, пара алу барысында ұсталу жағдайлары бойынша видеороликтер көрсетіліп түсіндіру жұмыстары жүрігізілді.

Атап айтқанда, 2021 жылдың 9 айында Департамент пен ауданаралық әділет басқармалары БАҚ-та 34 мақалалар жарияланып, 32 семинар-кеңестер, 15 дөңгелек үстел іс-шаралары өткізіліп, жергілікті телеарналарда 9 сұхбаттар беріліп, атқарылған іс-шаралардың нәтижелері мерзімінде департаменттің әлеуметтік желілеріне орналастырылды.

Сондай-ақ, Әділет департаментінің ұйымдастыруымен ҚР Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен on-line режимде азаматтарға құқықтық көмек көрсету және мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін қызмет түрлері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған «Adal kómek» жобасы шеңберінде Әділет департаментінің басшысы, басшы орынбасарлары, ауданаралық әділет басқармалары мен ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі бөлімдері басшыларымен тікелей эфир арқылы халыққа түсіндірмелер беріліп, насихаттау жұмыстары жүргізілді.