МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНА ӘРПК-ТІҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНА  ӘРПК-ТІҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Түркістан облысының Әділет Департаментінің  тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету  және бақылау бөлімінің бас маманы Үрмия  Құлымбет Түркістан облысына қарасты мемлекеттік және жеке сот орындаушыларға  "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ" бойынша түсіндірме жұмысын жүргізіп, аталған кодекттің талаптары мен міндеттерін түсіндірді.
 
Әкімшілік рәсімдердің міндеттері- жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру; жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу; тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, яғни, адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету және жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту. 
 
Әкімшілік рәсімді козғау үшін ӘРПК-нің 62-бабына сәйкес әкімшілік рәсімді козғау үшін мыналар негіздер болып саналады: жолданым (өтініш, шағым, бейнеүндеу); әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы. Жолданым ауызша нысанда, жазбаша не электрондық құжат түрінде берілуі мүмкін. 
Рәсімді жүзеге асырғанға дейін әкімшілік орган әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау немесе әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де іс-шараларды өткізу уақыты мен орны туралы хабардар етуге міндетті. Хабарламаларды жіберудің нысандары мен тәртібі ӘРПК аясында бекітілген.    
 
Әкімшілік рәсім шеңберінде арыз иесі рәсіммен қамтылған мәселе бойынша құқықтары мен міндеттері түсіндірмесін алуға, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында тыңдалуға, лауазымды адамға қарсылық білдірулерді мәлімдеуге, әкімшілік іс материалдарымен танысуға, рәсімге қатысу үшін өкілге өкілеттіктер беруге, қабылданған шешімге шағым жасауға құқылы. Арыз иесінің өзге де құқықтары заңнамада көзделген.