“Е-ЗАҢ КӨМЕГІ” АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

“Е-ЗАҢ КӨМЕГІ” АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Түркістан облысының Әділет департаментінде ҚР Әділет министрлігімен, ҚР Бас прокуратурасымен және ҚР Ішкі істер министрлігімен «Электронды форматта адвокатты қорғаушы ретінде тағайындау, мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін есептеу және төлеу процестерін автоматтандыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» бірлескен бұйрық негізінде құрылған жұмыс тобының мүшелері Департамент басшысының орынбасары Негина Клышпаеваның, Қазақстан Республикасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасының аға бөлім прокурорының, Түркістан облысының Полиция департаментінің Тергеу басқармасы бастығының орынбасарының, Түркістан облыстық Адвокаттар алқасының төрағасы және адвокаттар «ҰАТ» Ақционерлік қоғамының бас маманының қатысуымен сотқа дейінгі тергеу сатысында қылмыстық процесті жүргізетін органдардың адвокатты қорғаушы ретінде тағайындау, «Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі» арқылы мемлекет кепілдік берген заң көмегін есептеу және төлеу процестерін автоматтандыру жайы қаралып, жұмыс барысында туындаған мәселелер талқыланды.

Аталған жиын Департамент басшысы орынбасарының кіріспе сөзінен бастау алды.

“Адвокаттық қызметті оңтайландыру мақсатында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңымен «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі енгізілді. Оның мүмкіндіктерін аттестацияны өткізу, мемлекет кепілдік беретін заң көмегін көрсететін адвокаттар тізімін қалыптастыру барысында және т.б. жағдайларда пайдалануға болады.
Аталған ақпараттық жүйе мемлекеттік органдардың жүйелерімен ықпалдастырылады.
Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу сатысында қылмыстық процесті жүргізетін органдардың адвокатты қорғаушы ретінде тағайындау, «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекет кепілдік берген заң көмегін есептеу және төлеу процестерін автоматтандыру мақсатында, сәуір айында Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен, Ішкі істер министрімен және Әділет министрімен «Электрондық форматта адвокатты қорғаушы ретінде тағайындау, мемлекет кепілдік берген заң көмегін есептеу және төлеу процестерін автоматтандыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» бірескен бұйрық қабылданған болатын.
Аталған бұйрыққа сәйкес пилоттық жобаға қатысушылар «Сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізілімі» және «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйелерінің функционалдары арқылы сотқа дейінгі сатыда электрондық қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу кезінде мемлекет кепілді берген заң көмегі шеңберінде тағайындауды, сондай-ақ оны есептеу және төлеу үшін электрондық құжаттарды қалыптастыру процесін қамтамасыз ету тапсырылған”, - деді Департамент басшысының орынбасары.

Сондай-ақ Әділет департаменті адвокаттар алқасымен бірлесіп «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесінде кезекшіліктің электрондық кестесін жүргізудің уақтылығы мен өзектілігін қамтамасыз ету қажет екендігі айтылды.